23 ауылдың 20-сы ауызсу жүйесіне қосылған
Талас ауданында елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде аудандағы 23 елді мекеннің 20-сы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылып, бұл жалпы халықтың 96,8%-ын немесе 19104 адамды қамтиды.
Жаңа нысандар іске қосылды
2025 жылы Қожағаппар және Сейілбек ауылдарында су құбырының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар таза ауыз суға қол жеткізді.
• Қожағаппар ауылының су жүйесін «Темир-Строй Сервис и Ко» ЖШС,
• Сейлбек ауылының су жүйесін «Пырақ Құрылыс» ЖШС салды.
Құрылыс жұмыстары жалғасуда
• Қараой ауылында су құбырын тарту үшін 267,2 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – «Байсын-А» ЖШС.
• Арал және Қайыр ауылдарында кері осмос қондырғысы бар модульдік контейнерлік блоктар орнатылуда. Бұл жобаға облыстық бюджеттен 72,4 млн теңге бөлінген. Нысан 2024 жылдан өтпелі.
• Қаратау қаласындағы Флора саяжайын ауыз сумен қамту үшін 50,0 млн теңге қарастырылып, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – «Темір-Строй Сервис и Ко» ЖШС.
Талас ауданындағы ауызсу инфрақұрылымын дамыту жұмыстары – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, денсаулық сақтау деңгейін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Алдағы уақытта барлық елді мекендерді таза ауыз сумен толық қамту көзделуде.