Ауызсу жүйесінің құрылысы 80 пайызға аяқталды
«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында Жуалы ауданы Күреңбел ауылында ауыз су жүйесінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгін аталған құрылыс жұмыстарымен Мәжіліс депутаты М.Ескендіров жеке танысты.
Аталған жобаның тапсырыс берушісі – Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі.
Жобаның жалпы құны – 916 657 893 теңге.
Құрылыс жұмыстарын «ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС жүзеге асыруда.
2025 жылға республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 444 444 000 теңге бөлінді.
Жобаның жүзеге асыру мерзімі – *2025–2026 жылдар, өтпелі жоба ретінде қарастырылған.
Бүгінгі күнге дейін құрылыс жұмыстарының 80%-ы орындалған. Жоба толық аяқталған соң, ауыл тұрғындары таза әрі сапалы ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз етілетін болады.
Бұл – партия бағдарламасының нақты орындалуының жарқын көрінісі.