Президент Бақытжан Сағынтаевты қабылдады – Ақорда
«Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды», – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді де қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымды аймақтық және жаһандық қауіпсіздік саласындағы күрделі кезеңде басқарып отырған Элина Валтоненнің қызметіне қолдау білдірді.