Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар аяқталды
Бұл туралы Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.
«Оқу-жаттығулар штаттық режимде өтті, қойылған міндеттер толық көлемде орындалды. Шартты терроризмге қарсы операцияның мақсаттарына қол жеткізілді. Қазіргі уақытта барлық шектеу шаралары алынып тасталды, жол қозғалысы толығымен қалпына келтірілді. Тұрғындарға сабырлық танытып, жәрдем көрсеткені және уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытқаны үшін алғыс айтамыз», делінген ресми хабарламада.