Қазақстанда 435 мыңнан аса адам вакцина салдырды
14 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 435 393 адам вакцина салдырды
Министрліктің мәліметінше, елімізде 435 мыңнан аса адам екпе алды. Өткен тәулікте 2229 адамнан коронавирус анықталды, 1584 адам індеттен айықты. Қазіргі уақытта емделіп жатқан 579 адамның жағдайы ауыр, 5 науқас коронавирус пневмониясынан қайтыс болды.
Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 276 054-ке жетті.