Инвестжобаларға берілген жерлер игерілуі қажет

0 39

Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өткізіліп, онда жеке инвестициялық жобаларға берілген жерлердің іске асырылу барысы қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес баяндама жасаған аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Тұрсынбек 2022-2024 жылдары сауда-саттық (аукцион) арқылы кәсіпкерлік мақсатында жалпы көлемі 9,1 гектарды құрайтын 26 жер учаскесі қысқа мерзімге жалдау құқығымен сатылғанын атап өтіп, берілген жер телімдері бойынша іске асырылатын жобаларға тоқталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 15 жер телімін кәсіпкерлік мақсатта пайдалану мақсатымен беру мәселесі бойынша сауда-сатыққа (аукцион) шығару жоспарланып отырғанын жеткізді.
Бөлім басшысының баяндамасын сынға алған Олжас Елебекұлы саладағы атқарылған жұмыстарға көңілі толмайтынын айтты. Сонымен қатар сала орынбасары, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм және жер қатынастары бөлімі бірлесе отырып, тиісті сараптама жүргізіп, соңғы үш жылдық көрсеткіштерге қайта талдау жасауды тапсырды. Осы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев талдау жұмыстарын үш жылға емес, жеті жылға жасау керектігін, жобаларды сала салаға бөлу туралы ұсынысын білдірді. Сонымен қатар аудан басшысы баяндамада атап өткен мәселер және жалға берілген жерлер бойынша жұмысты жандандыруды жүктеді.
Кеңес отырысында қаралған мәселелер бойынша берілген ұсыныстар мен тапсырмалар хаттамаға енгізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.