Өнеркәсіп өркен жайып келеді

0 45

Бүгінде ел экономикасын дамытушы күштердің бірі – кәсіпкерлік саласы болып отыр. Бұл бағытта аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандар қатары жыл санап артып келеді. Бүгін аудан әкімі Қостөбе ауылдық округінде орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, ондағы жұмыстар барысымен танысты.

Жалпы аумағы 2 гектарды алып жатқан «KazStonebox» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіл өнеркәсіп, яғни гофра-картоннан жасалған қаптама жасаумен айналысуда. Мұнда жылына он мың тонна өнім шығарылып, еліміздің барлық аумағына таратылады. Серіктестік бүгінде өндірісті ұлғайтып, басқа да өнім түрлерін шығаруды жоспарлауда.

Ауылдық округте сақ моншасы да өз жұмысын бастап, ауданның туризм саласының дамуына өз септігін тигізіп отыр. Мұнда қазақы үлгіге ерекше мән беріліп, демалушыларға барлық жағдайлар қарастырылған. Ал, «Мухиев Есей Кадымұлы» жеке кәсіпкерлігі жүз гектар аумаққа демалыс орнын салуда. Кәсіпкер аталған орынға этноауыл салып, ат спорты және балық аулауға басымдық беруді жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.