Жаңа үйлер бой көтеруде

0 30

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі. Бүгінгі таңда, Сарыкемер ауылы К.Орынқұлов көшесінің екінші бұрылысындағы 2,5 гектар тұрғын алқабынан 40 пәтер сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев «Тараз Ғимарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысы негізінде бой көтеріп жатқан жаңа алқаптағы тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын тұрғын үйлерді үстіміздегі жылдың маусым-шілде айларында аяқтау жоспарланып отыр. Аталған пәтерлер сатып алынғаннан кейін, аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің теңгеріміне тапсырылып, тұрғын үй кезегінде тіркелген халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға берілетін болады.

Айта кетейік, мұндағы бір тұрғын үйдің жалпы ауданы 2400 шаршы метрді құраса, 2 бөлмелі пәтердің ауданы 50, ал, 3 бөлмелі пәтердің ауданы 70 шаршы метрді құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.