Газ тарту жұмыстары – бақылауда

0 34
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы кезекті ауылдарға жұмыс сапарында Тоғызтарау ауылдық округіне барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.
Аудан басшысы биыл өңірдің газбен қамтылуы көрсеткіші 100 пайызды құрайтынын атап өтті.
– Ауданға қарасты Жаңаөткел, Құмсуат, Тоғызтарау, Сеңгірбай елді мекендеріне газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімінің қолдауымен аттөбеліндей ауылдарда мемлекеттің қамқорлығынан тыс қалмады. Мәселен «көгілдір отын» тартылып жатқан ауылдардың кейбірі 10 ауладан асады. Магистралды газ құбыры елдімекендерге дейін жеткізілді.Жыл соңына дейін аталған ауылдарды газға қосуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан құрылыс жұмыстары сапалы әрі уақытылы аяқталуы керек, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.