Су жүйесінің құрылысы жүруде
2025 жылдың сәуір айында Күреңбел ауылында ауызсу жүйесін жаңарту және кеңейту жұмыстары басталып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жоба іске асырылуда. Бұл жұмыстар – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауызсумен қамту мақсатындағы жүйелі бастамалардың бірі.
Қазіргі таңда құрылыс алаңында:
— Су құбырларын тарту;
— Жаңа су желілерін орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Құрылыс жұмыстары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылып, жақын арада ауылдың барлық бөлігін қамтитын болады. Жоба аяқталған соң, Күреңбел ауылы толықтай таза әрі қауіпсіз ауызсумен қамтылады деп күтілуде.
Жергілікті халық бұл өзгерістерді қуанышпен қабылдап, ауылдың дамуы үшін жасалып жатқан нақты қадам ретінде бағалауда. Ауызсудың қолжетімді болуы – тұрғындардың денсаулығы мен тұрмысы үшін аса маңызды.
Күреңбел ауылындағы бұл су құрылысы – елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жолындағы нақты жетістіктердің бірі. Ауыл әкімдігі алдағы уақытта да халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.