24 ауылдың 20-сы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған

0 46
Сарысу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Күн тәртібінде алғашқы мәселе бойынша «Аудан тұрғындарын және әлеуметтік нысандарды сапалы ауызсу жүйесімен қамту жұмыстары» туралы «Сарысу сулары» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын директоры Жасұлан Бегулиев баяндама жасады.
Ауданда 24 елді мекеннің 20-сы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Қалған 4 ауылда Контейнерлі блок модуль орнатылған. Кәсіпорын 24 елді мекенде тұратын 17580 адамның 14580-іне қызмет көрсетеді, (Саудакент — 3000 адам ауызсу тартылмаған) бұл барлық тұрғындардың 83 пайызы. Сонымен қатар, 17 мектеп, 4 балабақша, 11 медициналық пункттер, 13 клуб үйлеріне және ауылдық округ әкімшіліктеріне (Тоғызкент, Түркістан, Жаңаталап, Игілік, Қамқалы, Досбол) қызмет көрсетеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жалдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылу барысы туралы» Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының директоры Данияр Омардың есебі тыңдалды.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» аясында 2025 жылдың 10 сәуіріне белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 1 085 адам. Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылуы бойынша 4 бағытта жұмыс атқарады. Жұмыспен қамтудың өңірлік даму картасы аясында 9 жоба аясында 306 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінгі күнге бекітілген жобаларды министрлік тарапынан электрондық еңбек биржасы ақпараттық порталына еңгізу бойынша жұмыстары жүргізілуде.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіру және жүйелі жұмыс жасау үшін жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.