Облыс әкімі «Тараз – қауіпсіз қала: жастармен бірге» атты іс-шараға қатысты
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі екенін атап өтті. Қоғамдағы заң мен тәртіп – дамудың және әділеттің кепілі. Бұл қағидатты сақтау әр азамат үшін маңызды. Тәрбие тал бесіктен басталады. Әділетті қоғам құруда жастардың рөлі айрықша. Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы. Жастардың тәрбиесіне ата-ана мен мұғалім ғана емес, бүкіл қоғам атсалысуы керек. Осы ретте Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзі баршаға ұран болуы тиіс, – деді Ербол Қарашөкеев.
– Тараз – бәріміздің ортақ үйіміз, Отанымыз! Біз оның қауіпсіз әрі жайлы қала болғанын қалаймыз. Қаланың тыныштығы мен қауіпсіздігі – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Егер оның іргесін мығым еткіміз келсе, заң мен тәртіпті басты қағидатымызға айналдыруымыз керек, – деді Бақытжан Малыбаев.