Жаңалықтар Ақордада ауыс-түйіс: бірқатар елшілер тағайындалды

0 22
Мемлекет басшысының Жарлығымен Моңғолия және Шри-Ланка елдерінің жаңа Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.