Экскурсиялық тікұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты
Қайғылы оқиғада жан тәсілім еткен бес адам бір отбасының мүшесі, Испания елінен келген туристтер екені анықталды.
New York Helicopters компаниясына тиесілі тікұшақты білікті пилот басқарған, алайда апаттың тап неден орын алғандығын арнайы мамандар сараптама қортындысынан кейін белігілі болатынын айтты.
АҚШ Президенті Дональд Трамп қайғылы оқиғаға қатысты жеке парақшасында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Ашық дереккөзде соңғы екі жылда АҚШ-та 211 тікұшақ апаты тіркеліп, 37-сі адам шығынына әкелгендігі жайлы айтылады.