Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанның шет мемлекеттердегі елшілері тағайындалды

0 12
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысының жарлықтарымен кадрлық өзгерістер орын алды.

Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол Қазақстанның Үндістан Республикасындағы, сондай-ақ Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Бутан және Мальдив елдеріндегі елшілік қызметтерінен босатылды.

Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елші қызметінен босатылды.

jambylinfo.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.