Қайпанов қайтпады, ал, Жәмила жарады!
Міне, осы сары құрлық додасында отандасымыз Нұрқожа Қайпанов жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Ол финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовті өте тартысты белдесуде 2:1 есебімен ұтты. Міне, осы көрсеткіштен-ақ, Азия алтыны Нұрқожа Қайпановқа оңай келмегенін білуге болады.
Ал, тағы бір отандасымыз Жәмила Бақбергенова осымен төртінші рет Азия чемпионы атанды. Ол финалда жапондық қыздан айласын асырды. Былтырғы Әлем чемпионатында Жәмила осы жапондық қарсыласына жол берген еді. Енді сол кеткен есені қайтарып отыр. Жәмила жалпы, 2021, 2022, 2024 жылдары сары құрлық додасының сары алтынына қол жеткізген.
Есет ДОСАЛЫ