Гүлдара Нұрымовамен пкір алмасты
Жақында Мәжіліс қабырғасында «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану» орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық пен облыстық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бекнұр Сатыбалдиев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымовамен кездесіп, өңірдегі өткір мәселелерді, сондай-ақ қалам ұстаған қауымдар жайында әңгіме қозғап, пікір алмасты. Гүлдара Алданышқызы өз сөзінде алдағы уақытта бір қатар мәселелерді ортаға салатының жеткізді.
–Жуырда мен Жамбыл облысы бойынша БАҚ құралдарына мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу талаптары туралы Мәжілісте мәселе көтеретін боламын. Депутаттық сауал аңдатпасын айтар болсам, тендер өткізудегі біржақтылық бойынша бірнеше мәселені тарқатуға тура келеді.
Жамбылдық бұқаралық ақпарат құралдары аймақтың айнасы. Сондықтан мемлекеттік саясатты жүргізуде өзіндік орны бар өңірлік БАҚ-ты конкурстар аясынан қалтарыста қалдыруға болмайды.
Сондай-ақ лицензиясы жоқ медициналық кабинеттер, процедуралық кеңселердің көбейіп жатқаны да алаңдатады. Адам өмірі эксперименттік алаң емес. Білімсіз ортада тәжірибесіздер топтасты. Сондықтан тиісті талапқа негізделген рұқсаты жоқ, медициналық мекеме атын жамылған орындардың қызмет көрсетуіне қатысты да Мәжілісте мәселе көтеретін боламын, – деді Гүдара Нұрымова.
Сонымен қатар Жасұлан Әбідхалық жақында ғана жарық көрген «Менің анам» атты кітапты сыйға тартты. Еске салсақ ішінде Гүлдар Алданышқызының анасы жайлы айтқан тәтті естеліктері топтасқан сұхбаты жарияланған болатын. «Анамның тәрбие мектебі мен тәлім берудегі тағылымы мен үшін ең үлкен – академия» деген ол Жасұлан Леспекұлына, басқарып отырған «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының» ұжымына, және кітапты құрастырушы Айжан Өзбековаға өз алғысын білдірді.
Туғанбай Нұрперзент