Шаңғышы Надежда Степашкина Азия құрлығындағы үздік көрсеткішті тіркеді
Әйелдер 2023 жылға дейін тек 30 шақырымға жарысатын еді. Бірақ 2025 жылғы әлем чемпионатында әйелдер мен ерлердің жарыс қашықтықтары теңестіріліп, арулар 50 шақырымда жеңімпазды анықтады.
Жарысқа барлығы 34 спортшы қатысты, оның ішінде Азия құрлығынан тек 3 спортшы шықты.
Қазақстандық Надежда Степашкина 2 сағат 43 минут 49 секунд нәтижесімен 24-ші орынға тұрақтады. Ал тағы бір отандасымыз Ангелина Шурыга 1 айналым қалып қойғанына қарамастан, 34-ші болып мәре сызығын қиды.