Ұлттық ұлан ҚАЖ аруларын марапаттады
Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары лейтенант Берік Жусанбаев түзеу мекемесіндегі ару-әріптестерін мерекемен құттықтады. Айта кетерлігі, жауапты,әрі қауіпті қызметті ер адамдардан қалыспай мінсіз атқарып жүрген қыз-келіншектер отбасы мен ошақ басындағы міндеттерін де қатар алып келеді.
Мекеме басшысы, әділет полковнигі Руслан Уразметов әскери бөлім қызметкерлеріне алғысын айтып, алдағы уақытта да әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.