Төл өнерімізді төрге оздырған конференция

0 87
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті мен облыстық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығының ұйымдастыруымен «Айтыс жанрының трансформациясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Бабаларымыздан мұра болып қалған айтыс өнерін дамытып, дәріптеуді мақсат еткен конференцияға 170-ке жуық ғылыми мақала мен баяндама, оның ішінде 40 баяндама шет мемлекеттерден, 130 баяндама еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледж, мектептерден түскен.

Пленарлық мәжілісте 7 маңызды баяндама тыңдалып, «Айтыс – бабалар мұрасы» тақырыбында ақындар айтысы мен жазба айтыс ұйымдастырылды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, кәсіби даму институтының директоры, профессор Латипа Қожамжарова мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Арман Құдайбергенов конференцияны қорытындылап, үздік баяндамашыларды арнайы дипломдармен марапаттады.

«Педагогика» факультеті деканының міндетін атқарушы Талғат Нұрбеков конференцияға келген зиялы қауым өкілдері мен қонақтарға өз алғысын білдірді.

 Мұқағали БАЛТАБАЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.