Жамбыл облысы прокуратурасының Алқа отырысы: алаяқтықпен күрес жаңа деңгейге шығуда

0 22
Күні кеше Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және қаржы нарығы субъектілерінің қатысуымен интернет-алаяқтықпен күресу жөнінде алқа отырысы өтті.

Алқада интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері, оның ішінде осы қылмыстарға қарсы тұру мақсатында прокуратураның бастамасымен құрылған «Cyberpol» ведомствоаралық тобының және «CyberShekteuTaraz» телеграм-ботының жұмысының аралық нәтижелері қаралды.

Облыс прокуроры өткен жылы бірлесіп қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыстарды ашу көрсеткішін 33%-ға артқанын және Ұлттық банктің «Antifrod-Center» орталығы арқылы 346 күдікті банк шоттары бұғатталғанын оң атап өтті.

Байланыс операторларымен жасалған меморандум аясында алаяқтар қашықтан қоңырау шалу мүмкіндігін беретін 2 «SIM-box» құралы анықталды.

Атап айтқанда, а.ж. 11 ақпанында облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері «Қазақтелеком» және «Kcell» АҚ-мен білесіп атқарған жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Тараз қаласында Қазақстан Республикасы аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін пайдаланылған «Tele-2» операторының 128 SIM-картасы салынған «SIM-box« құралы анықталды. Аталған факті бойынша РФ азаматы ұсталды.

«CyberShekteuTaraz» ботының көмегімен 224 күмәнді сілтемелер, жарнама, веб-сайттар, телефон нөмірлері және т.б. бұғатталды.

26.01.2025 жылы прокуратураның үйлестіруімен облыстық ПД 150 азаматқа қатысты алаяқтық жасап, оларға 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген ҚР азаматшасы күдікті ретінде ұсталды.

Сонымен қатар, облыс прокуроры алаяқтықпен байланысты қылмыстарды жасырудың 76 дерегін теріс бағалады. Полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер тіркелді.

Сондай-ақ, интернет-алаяқтық саласында сұраныстардың өсуіне байланысты, отырысқа қатысушылармен тергеу тиімділігін арттыру үшін компьютерлік технология және криптовалюта саласындағы мамандарды тарту қажеттілігін талқылады.

Қазіргі уақытта шоттарды уақтылы бұғаттамағаны және белгіленген талаптарды бұза отырып несие бергендігі үшін 3 қаржы ұйымдарының жұмысшыларына қатысты немқұрайлылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондықтан қаржы ұйымдарына қолданыстағы заңнаманың талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы жеткізілді.

Алқа отырысы нәтижесімен барлық органдарға өзара әрекеттесуді және алаяқтықпен күресу шараларын күшейту бойынша нұсқаулар берілді.

Жамбыл облысының прокуратурасы

aqjolgazet.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.