Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

0 25
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Шалқар Болатұлы Амантұров цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Шалқар Болатұлы 1982 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжін «Есептеу техникасы мен автоматтық жүйелерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету», Алматы экономика және статистика институтын «Қаржы және несие», Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы болып бастаған.
2006-2009 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы, басқарма бастығы, 2009-2013 жылдары ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының CERT қызметінің жетекші маманы, «Электрондық үкімет қауіпсіздігі мониторингі орталығы» бөлімінің жетекші инженері, 2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның Эксплуатация басқармасы техникалық қолдау қызметінің басшысы, 2014-2017 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» ШЖҚ РМК Эксплуатация басқармасының Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, директоры, 2017-2018 жылдары Астана қаласындағы «Транстелеком» АҚ Орталық аппаратының «Желілерді жаңғырту және дамыту» бағытының басшысы, 2018-2019 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-ның Архитектураны дамыту департаменті Цифрлық трансформация бөлімінің басшысы, 2019-2021 жылдары Астана қаласындағы «Электрондық қаржыландыру орталығы» АҚ Кірістерді цифрландыру, есепке алу және бақылау департаментінің директоры, 2021-2022 жылдары «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Жобаларды басқару департаментінің директоры, директорының орынбасары, 2022 жылы Астана қаласындағы «Аграрлық сектордағы экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарында жұмыс істеді.
2022 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласындағы «Аграрлық сектордағы экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.