ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы өңірде семинар-тренинг өткізді
3-5 наурыз күндері Тараз қаласы, Жуалы, Байзақ аудандары ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы Бағдарламалар Офисі «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында оқыту семинар-тренингтерін өткізді.
Семинар-тренингтерге жергілікті құқық қорғау және сот органдарының, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ адвокатура, азаматтық қоғам және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинар-тренинг тыңдаушыларының алдында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламалар Офисінің Басшысы, Елші Фолькер Фробарт алғы (салтанатты) сөз сөйледі.
Сондай-ақ семинар-тренинг барысында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Светлана Бақытқызы Жаркенова, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, заңды тұлғалардың «Қазақстан дағдарыстар орталығы» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрайымы, «Жан-Сая» дағдарыс орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Зүлфия Мұхамедбекқызы Байсақова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, Астана қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты, Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының Кәмелетке толмағандар жөніндегі заң консультациясының меңгерушісі Ирина Юрьевна Осокина баяндама оқыды.
Семинар-тренингте ҚР адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесі зерделенді. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің сот және құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік құрылымдармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері қаралды.
Сонымен қатар, тыңдаушылар азаматтар мен өзге де адамдардың ақпарат алуға, білім алуға, әлеуметтік қызмет көрсетуге, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға конституциялық құқықтарын іске асыру тетіктерімен, сондай-ақ қоғамдағы ықтимал еңбек және әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және шешу тетіктері таныстырылды.