Қазақ күресінің шебері – Шерхан

0 4
Тараз қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде полиция қызметкерлері арасында «Полиция барысы – 2025» турнирі өтті.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде облыстық полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев сөз сөйлеп, «Полиция барысы» қазақ күресін насихаттауға бағытталған және тәртіп сақшыларының кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ететін ауқымды бәсеке екенін атап өтті.

Турнирдің құрметті қонақтарының қатарында КСРО және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жақыт, облыстық қазақ күресі федерациясының президенті Жетпісбай Медеуов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тәуірбек Қарауылтегі, «Еуразия барысы», үш дүркін «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаев болды.

Турнирге Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданының атынан 125 полицей-палуан қатысып, бақ сынады.

Тартысқа толы болған бәсекенің қорытындысы бойынша қарсыластарына дес бермеген полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Шерхан Жақсыбеков «Полиция барысы – 2025» атанып, алтын белбеу иегері болды. Сондай-ақ командалық бірінші орынды Тараз қалалық полиция басқармасы 2-полиция бөлімі, екінші, үшінші орындарды Т.Рысқұлов және Қордай аудандық полиция бөлімдері бөлісті. Жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен және кубоктармен марапатталды.

Айта кетейік, жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қазақ күресі бойынша чемпионатына баратын болады.

 

Облыстық полиция департаментінің

баспасөз қызметі

arainfo.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.