Цифрландыру қоғамдық қауіпсіздікті арттыра түседі

0 15
Елімізде жыл өткен сайын цифрландыру жұмысын одан әрі тереңдету мәселесі әрбір сала бойынша қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда цифрландыру ішкі істер органдарының қызметіне де белсенді түрде еніп келеді. Ішкі істер органдарында цифрландыру олардың тиімділігін арттыру үшін қажеттілік қана емес, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам саналады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану туралы нақты міндеттер жүктеген болатын. Президент тапсырмасы негізінде елімізде Ішкі істер органдарында цифрлық трансформация жұмысы сәтті жүргізілді. Қазір қалалар мен елді мекендерде көше бойларына бақылау камералары орнатылған. Бұдан бөлек қоғамдық орындар да бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Мектеп, балабақша секілді маңызды нысандар бейнебақылау жүйесіне көшіріліп болды. Сондай-ақ, дабыл түймелері, өрт қауіпсіздік жүйесі де дамып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірімізде де жалғасын табуда.

– Жаңа технологияларды енгізу жан-жақты көзқарас пен үлкен күш-жігерді қажет етеді, бірақ олардың пайдасы бұл шығындарды ақтайды. Цифрлық жүйелерді дамытуды және жетілдіруді жалғастыру әрқашан маңызды. Өйткені, мұндай қолжетімділіктер туындауы мүмкін сын-қатерлерді ескере отырып және деректер мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Бұл саладағы цифрландырудың негізгі мақсаттарына ішкі істер органдары жұмысының жеделдігін арттыру, азаматтармен өзара іс-қимыл сапасын жақсарту, деректерді тіркеу және өңдеу процесін жеңілдету, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану арқылы қауіпсіздік деңгейін арттыру, барлық деңгейлерде басқару мен бақылауды оңтайландыру міндеттері жатады. Бүгінде өңірде осы бағытта бірқатар жобалар іске асырылуда, – дейді облыстық Полиция департаменті ақпараттандыру және байланыс басқармасы бастығының орынбасары Асқар Жораев.

Асқар Ергешұлының атап өткен бастамалары қатарында «Жаппай бейнебақылау» жобасы да бар. Жоба полицияның қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының барлық жедел- тергеу бөлімшелерінде тәулік бойы мониторинг жүргізу, камералардан бейнедеректерді жазу және сақтау, ашықтық пен бақылауды арттыру үшін бейнебақылау жүйелерін орнатуды көздейді. Аталған жоба аясында 1929 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Сонымен бірге, «Кілемді жабын» бейнебақылау жобасы көшелер, саябақтар, алаңдар, көлік тораптары және басқа да қоғамдық орындарды қоса алғанда, барлық маңызды объектілер мен аумақтарға мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін бейнекамералардың кең ауқымды желісін орнатуды мақс ат етеді. Қа ла ларда кілемді бейнебақылау жүйесін құру жобасы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құқық қорғау органдарының жедел әрекет етуін жақсартуға және қала тұрғындарының өмір сүру с апасын арттыруға бағытталған. Облыс орталығында Полиция департаментінің жедел басқару орталығына бейнені шығаруды ұйымдастырумен 1860 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.

Ал, «SOS дабыл түймесі» пайдаланушыға жедел көмекке жүгінуге мүмкіндік береді, бұл оны жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы етеді. Бұл мүмкіндік жедел қызметтерге жедел қоңырау шалу немесе жақын адамдарыңызға қауіпті жағдай туралы хабарлау, орналасқан жерді бақылау мүмкіндігі бар. Бүгінде қала аумағында 10 SOS дабыл түймесі бар.

Бұл қатардағы «Бұлтты бейнебақылау» жобасы пайдаланушыларға жоғары с апа лы бейнебақылауды, деректерге оңай қол жеткізуді және жүйені масшт абт ау мүмкіндіктерін ұсынатын заманауи қауіпсіздік шешімі істейді. Бұл бұлтты технологияларды пайдалану бақылау тиімділігін арттыруға, дерект ерге ың ғ ай лы қол жеткізуге және қауіпсіздікті жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінде «Қазақ телеком» акционерлік қоғамымен «Бұлтты бейнебақылау» бағдарламасы аясында қала бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерінде 2280 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Жаңа инновацияларды енгізу бағытында облыста «Цифрлық полиция» жобасы жұмыс істейді. Бұл үлкен деректерді талдау, нақты уақыттағы мониторинг, үлкен ақпарат массивтерімен жұмыс істеу және онлайн платформалар арқылы азаматтармен өзара әрекеттесу жүйелері сияқты құқық қорғау органдарының күнделікті қызметіне цифрлық шешімдерді біріктіруді іске асыратын жоба. Қазіргі таңда смартфондар базасындағы 968 бірлік бейнетіркегіштермен облыстық Полиция департаментінің барлық құзыретті қызметтері жабдықталған.

Бұдан бөлек, «Қорғау » мобильді қосымшасының жобасы азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қауіп төнген жағдайда жедел ден қоюға бағытталған. Бұл қосымша пайдаланушылар үшін жедел көмекке қол жетімділікті және оқиғаларға уақтылы жауап беруді қамтамасыз ететін тиімді құрал ретінде қызмет етеді. Тараз қаласының аумағында «Қорғау» мобильдік қосымшасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің 200 планшетінде орнатылған және осы бағытта жұмыс толық көлемде жүргізілуде.

Ішкі істер органдарында бейне аналитика заманауи қауіпсіздік жүйелерінің ажырамас компоненттеріне айналуда. Оларды ішкі істер органдарына енгізу құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту және оқиғаларға жедел ден қою үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бейне аналитика нақты уақыттағы бейнелерді өңдеуге және талдауға, ауытқулар мен күдікті әрекеттерді анықтауға және одан әрі тергеу үшін пайдаланылуы мүмкін деректерді беруге мүмкіндік береді. Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, алдағы уақытта бұл салаға жасанды интеллекті енгізу жоспарланған.

 

Нұрболат АМАНБЕК

aqjolgazet.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.