2003 жылғы мамырда Қостанай қаласының ауласынан зорлық-зомбылықпен өлтірілген 21 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Сараптама оны тұншықтырып өлтіргенін көрсеткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталған. Алғашында күдіктілердің бірін анықталғанымен, оның кісі өлтіруге қатысы бары туралы дәлелдер жеткіліксіз болған.
«Полиция қызметкерлері дәлелдерді жинауды, іс материалдарын талдауды тоқтатпай, 20 жыл бойы тергеуді жалғастырды. Ақпанда қосымша тергеу жүргізіліп, нәтижесінде 44 жастағы күдікті ұсталды», — деп жазылған хабарламада.
Ол 2003 жылғы ақпанда марқұммен танысқанын және бірге ішімдік ішкенін мойындаған. Күдікті жәбірленушіге жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс жасағанын, ол бас тартқан соң тұншықтырып өлтіргенін айтты.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалып, қылмыстық іс сотқа жолданды.