«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада.
Оның орнына Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
Азамат Жолманов туралы не белгілі?
Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.
Мемлекеттік басқару саласында 10 жылдам аса еңбек өтілі бар.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар департаментінің сарапшысы лауазымынан бастаған. Одан кейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми-зерттеу Институтында ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби дамыту институты директорының орынбасары, Қарағанды облыстық филиалының директоры, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаменті директоры лауазымдарын атқарды.
2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.