Трамп: Америкаға кіру үшін алтын карта қажет

0 13

Америкаға көшіп, сонда жұмыс істегісі келетіндер енді құны 5 млн доллар тұратын алтын карта сатып алуға тиіс. Ақ үй басшысы Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл карта Америка азаматтығын алуға жол ашады. Сөйтіп, бұған дейін қолданыста болған инвесторларға арналған көші-қон бағдарламасын осы алтын карта ауыстырады. Бастама екі аптадан кейін қолданысқа енгізіледі. Дональд Трамп, АҚШ президенті: — Біз өте тиімді бастаманы қолға алып жатырмыз. Қолыңыздағы грин-картаны енді қосымша ақы төлеп, алтын картаға ауыстыра аласыз. Бұл картаның жасылдан артықшылығы, ол Американың азаматтығын алуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, ауқатты адамдар осыны сатып, алып, біздің елде емін-еркін жүре алады. Сәтті жоба болады деп үміттенемін.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.