Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өтті

0 15

Жақында Қордай аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Аудандық  маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің  сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында аумақтық және 58 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өтті.

  Оқыту-семинарға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, Қордай аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы,  аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, жастар ресурстық орталығының басшысы, аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы, аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің есепшісі, аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы, саяси партия өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының тапсырмасына сәйкес, дәріс беру алдында сайлау туралы түсініктерің айқындап алу үшін, 1-ші кезекте тест өткізілді.

          Оқу-семинарының жоспарына сәйкес, «Қазақстандағы сайлау жүйесін трансформациялау барысы, жалпыға бірдей сайлау құқығы және «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша процестегі ерекшеліктері туралы» тақырыбында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов сөз сөйледі.

         Оқу-семинарының жоспарына  сәйкес, екінші мәселе бойынша, «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлауын даярлау мен өткізу барысындағы жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі туралы» тақырыбында Қордай ауданы әкімдігінің ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің басшысы Б.Апильжанов сөз сөйледі.

Келесі дәріскер, Қордай аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Ниязгулова «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну және тіркеу» және «Әкімдікке кандидаттардың құжаттарын заң талаптарына  сәйкестігін тексеру туралы» тақырыптары бойынша түсіндірді.

Әрі қарай, Қордай аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай «Сайлаушылар тізімін қалыптастыру тәртібі, тізімге енгізу, таныстыру және сайлаушылардың құқығы», «Сайлау алдындағы үгіт, байқаушылар, сенім білдірген адамдар туралы», «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру және дауыс беру қорытындыларын айқындау тәртібі туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар арқылы ақпараттандырудың негізгі аспектілері немесе алтын уақыт алгоритмі туралы» және «Сайлаушылардың дауыс беретін уақыт пен орны туралы хабардар етудің алгоритмі»   тақырыбында түсініктеме берді.

Оқу-семинарының жоспарына сәйкес, Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев «Әкім сайлауын мемлекеттік қаржыландыру туралы», «Кандидаттың қаржыны жұмсаудың және олардың нақты мөлшерлеріне негізделген алгоритмі туралы», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы» және «Мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беруді ұйымдастыру алгоритмі туралы» тақырыптары бойынша сөз сөйледі.

«Жанжалды жағдайларды басудың медиативті технологиялары» тақырыбында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сембеков сөз сөйледі. Соңғы тақырыптары бойынша «Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау комиссиясының әрекеттеріне шағым жасау, оларға қаралған құқықтық жауапкершілік туралы» және «Төтенше жағдай және арыз-шағымды қарау алгоритмі туралы»  Қордай аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Е.Токтогулов түсініктеме берді.

Әр тақырып бойынша Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қосымша пікір білдіріп, қорытындылады.

Әр баяндамашы өзінің тақырыптары бойынша учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне кейстік сұрақтар қойып, жауап алды.

Семинар тақырыптары бойынша дәріс оқылғаннан кейін, семинар соңында оқылған тақырыптарды бекітуге арналған қорытынды тест алынып, сертификаттарды табыстады.

gov.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.