Таразда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан чемпионатының жекелей жарыстар нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде Алматы қаласы (3 алтын, 1 күміс) көш бастады. Екінші орынға Қостанай облысы (3 алтын) жайғасса, Алматы облысы (2 алтын, 2 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді.
Чемпионаттың соңғы күнінде спортшылар аралас-командалық жарыста үздікті анықтады. Командалық жарысқа барлығы 16 команда қатысты. Атырау облысының құрама командасы топ жарып, Қазақстан Чемпионы атанды. Финалист Жетісу облысының спортшылары күміс жүлдені місе тұтты. Ал Шымкент қаласының құрамасы мен Алматы облысының жас дзюдошылары қола жүлдені теңдей бөлісті.
Айта кетерлігі, жастар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 өңірінен барлығы 557 жас татами шебері қатысты. Ел біріншілігі нәтижесінде 2025 жылы Азия және әлем чемпионаттарында Қазақстан намысын қорғайтын жастар құрамасы жасақталады.
Қазақстан Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі келесідей:
Қыздар
48 кг
1. Аружан Данайбек (Жамбыл облысы)
2. Аяулым Турдике (Маңғыстау облысы)
3. Сабина Юлдашбекова (Шымкент)
3. Тасним Абдуали (Шымкент)
-52 кг
1. Сара Шугаева (Алматы қаласы)
2. Гүлхан Шыңғысхан (Атырау облысы)
3. Сымбат Тағай (Түркістан облысы)
3. Арай Дүйсенбай (Алматы облысы)
-57 кг
1. Карина Каркенова (Абай облысы)
2. Ботагөз Әділханова (Абай облысы)
3. Нұрай Камзаева (Жетісу облысы)
3. Ардақ Нұрсақ (Жамбыл облысы)
-63 кг
1. Жібек Жайсанбай (Қызылорда облысы)
2. Ділназ Досберген (Жамбыл облысы)
3. Нұрсезім Тұрлыбек (Шымкент)
3. Дамеля Асылханов (Атырау облысы)
-70 кг
1. Көркем Орынбек (Алматы)
2. Сагира Әділ (Жетісу облысы)
3. Гүлдана Марлен (Жамбыл облысы)
3. Гүлсезім Тұрлыбек (Шымкент)
-78 кг
1. Анастасия Нагачевская (Алматы)
2. Рената Бекимова (Қарағанды облысы)
3. Томирис Ерғали (Қарағанды облысы)
3. Нұршат Кемелханқызы (Жетісу облысы)
+78 кг
1. Руслана Махатова (Қарағанды облысы)
2. Гүлдана Теңелбаева (Маңғыстау облысы)
3. Құралай Саттар (Шымкент)
3. Айымзада Думанқызы (Атырау облысы)
Ұлдар
-60 кг
1. Телжан Сұлтанбай (Алматы облысы)
2. Қайрат Жеңісұлы (Жетісу облысы)
3. Табылды Бигамбаев (Атырау облысы)
3. Дәрмен Есенгелді (Түркістан облысы)
-66 кг
1. Мағжан Әлжанов (Қостанай облысы)
2. Нұрсаят Абдуақас (Алматы)
3. Әли Болат (Қызылорда облысы)
3. Алмат Киштанбаев (Ақтөбе облысы)
-73 кг
1. Ернар Кеңесхан (Алматы облысы)
2. Мұхаммедали Закиров (Алматы облысы)
3. Дәулет Сейфил (Астана)
3. Ернат Исанов (БҚО)
-81 кг
1. Досбол Балғабай (Қостанай облысы)
2. Елзат Нұрмәділ (Жетісу облысы)
3. Акбар Алтай (Қарағанды облысы)
3. Сапарғали Салхан (Шымкент)
-90 кг
1. Арман Білалханов (Астана қаласы)
2. Батыржан Тоқтар (Алматы облысы)
3. Глеб Азаров (Қарағанды облысы)
3. Елболсын Төлебайұлы (Қызылорда облысы)
-100 кг
1.Санжар Ерұланұлы (Қарағанды облысы)
2. Қасиет Қарқын (Абай облысы)
3. Ерасыл Нұртаза (Алматы облысы)
3. Бибарыс Раис (Жамбыл облысы)
+100 кг
1. Ардақ Серіков (Қостанай облысы)
2. Әлихан Назымханов (Түркістан облысы)
3. Шерхан Алпанов (Қарағанды облысы)
3. Бейбарыс Сұлтан (Қызылорда облысы