Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында Мемлекеттік Рәміздерді Заңнама талаптары аясында пайдалану және қолдану бойынша облыстық семинар өтті.
Облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бас маманы Ш. Қашқынбек мемлекеттік ұйымдар мен құқық қорғау органдарында бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін арттыру, ҚР Мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану және қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік көмек көрсетті.
Түсіндіру жұмыстары барысында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы, Заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы түсіндіріліп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Семинарға бөлім және мекеме басшылары, құқық қорғау, департамент, білім және мәдениет мекемелерінің өкілдері, барлығы 200-ден астам адам қатысты.