ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен жетістіктері» көрмесі ашылды.
Мерекелік шараға облыстық этномәдени бірлестіктер, өңірлік тарихи-өлкетану мұражай қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымы және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева ашып, көрме жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, облыстық Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов, Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігі төрағасы, өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов және облыстық «Полонез» Поляк тілі орталығы және мәдениеті» ҚБ төрағасы Лариса Калькова, ҚХА Аналар кеңесінің белсенді өкілдері Аракси Плетнева, Дилорам Каримов, облыстық Немістер қоғамының өкілі Евгения Кобер, облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Лаура Байтұрсынова ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, көрменің маңызына тоқталды.
Айта кетейік, көрмеге Қазақстан халқы Ассамблеясының 40- қа жуық тарихи суреттері, этномәдени бірлестіктердің құрылуы жайлы архив құжаттары, 30 жыл көлемінде жарық көрген кітаптар коллекциясы, этномәдени бірлестік өкілдерінің тарихи Отанынан алып келген кәдесыйлары қойылды.
Салтанатты жиын соңында Көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева қонақтарды көрме жұмысымен таныстырып, ақпарат берді. Аталған көрме 4 күн бойы қала тұрғындарына есігін айқара ашады.