БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ТОЛЫ 30 ЖЫЛ

0 5

Таяуда Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясынын 30 жылдығы және “Халықаралық Ана тілі” күніне орай, М.Қашқари атындағы облыстық Ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйытқы болуымен «Бейбітшілік пен жасампаздыққа — 30 жыл» атты ашық есік күні өтті.
Шараға өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері, қалалық білім бөліміне қарасты №34 орта мектеп оқушылары, өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенді өкілдері қатысты.
Елімізді мекен еткен этностар бірлігін бекемдеп, ынтымақта ғұмыр кешуіне ықпал еткен Ассамблеяның отыз жылда атқарған нәтижелі қызметі мен толайым табыстары, тарихы, бейбіт қоғамды құруға атсалысқан азаматтардың еңбегін кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева жүргізіп, этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосқан аймақтық ҚХА мүшелерінің бе

Тағылымы мол басқосуда М.Қашқари атындағы облыстық Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Мухабат Турдыева, аймақтық Ассамблея ардагері Рано Убайдуллаева, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абдукаим Мусаев, аталмыш бірлестіктің төраға орынбасары Данияр Абдусаметов сөз алып, жастарға Ассамблеяның құрылу тарихынан сыр шертіп, ұрпақ сабақтастығындағы бірлік пен келісімді нығайтудың қозғаушы күші жастар екендігін алға тартты.
Жиын барысында Мухабат Абдрахманқызы жастарға бұдан өзге, тіл меңгеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихты білу секілді орамды ойлар айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Ал, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің Ақсақалдар кеңесінің жетекшісі Абдукаим Мусаев тарихи мұраның маңызы мен болашақта этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне тоқталды.
Кездесу аясында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары, жамбылдық жастар жетекшісі, облыстық М.Қашқари атындағы Ұйғыр ЭМБ жастар қанатының төрағасы Хамида Турдыева Ассамблея қызметін жандандыратын жастардың еңбегін атап өтіп, №34 орта мектеп ұжымына ҚХА тарихы туралы кітапты тарту етті.
Жиын аясында жастар да спикерлерге сұрақтарын қойып, жауап алмасты. Ерекше форматтағы басқосуда облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ белсендісі Ширина Шукуралиева баяндама жасап, жастарға бағыт беретін бірегей құрылым – Ассамблеяның маңызына тоқталды.
Отыз жылдық мерейтой қарсаңында өткен ауқымда шара қатысушыларына ұйымдастырушылар тарапынан «Қазақстан» шоколады үлестірілді.
Жиын соңында қонақтарға Көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева «Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен жетістіктері» көрмесін таныстырды.

gov.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.