Тәуелсіздік жылдарынан бері Жамбыл облысына 65 мыңнан астам қандас қоныс аударды

0 9
Жамбыл облысы бойынша «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ филиалы облыс аймағына қоныс аударған қандастардың жаңа ортаға бейімделуіне және қандас пен азаматтық алу мәселесі бойынша жұмыс атқаруды жалғастырып келеді.

Жамбыл облысына 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін 19 811 отбасыдан құралған 65 705 қандас қоныс аударды. 2025 жылдың 1 қаңтарына 703 отбасыдан тұратын 1 198 адамға қандас мәртебесі берілді. Сондай-ақ, 95 отбасыдан тұратын 116 адамға қандас мәртебесі ұзартылды.

Нәтижесінде, қоныс аударған қандастардың басым бөлігі бүгінде құрылыс саласында, сауда-саттықпен және басқа да жалдамалы жұмыстармен айналысуда. Олардың әлеуметтік мәселелерінің шешімін табуына да толық жағдай жасалған. Атап айтқанда, «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Байзақ, Жамбыл аудандарында бірнеше отбасы баспаналы болды.

Мойынқұм ауданында қандастардың жайылым жерлерді иемденуіне, сондай ақ, Қордай ауданына тұрақтанған қандастардың өтініші бойынша республикалық маңызы бар трасса бойына бейнебақылау, т.б. жол белгілерінің орнатылуына ықпал етілді.

Қандастарды жұмыспен қамту мәселесі назарға алынып, бүгінде «Мансап» орталық қызметіне барлығы 100 ге жуық қандас жүгінген. Олардың ішінен 82 адам жұмыспен қамтылған. «Мансап» жұмыспен қамту мекемесі арқылы аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Арқабек Төлебаев,
«Дүниежүзі қазақтары» қауымдастығы мен
«Отандастар» қоры Жамбыл облыстық фронт офисінің директоры 

Leave A Reply

Your email address will not be published.