Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 мектеп салынады

0 12

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушы орнына арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты — білім беру ұйымдарына жаңа ғимараттар салу, апат жағдайындағы мектептер мен орын тапшылығын жою.

«Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан», — деді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

Айта кетейік, 2024 жылы 25 мектеп салынған, олардың басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан.

Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.