Әлемде ауасы ең лас қалалар анықталды

0 15

IQAir халықаралық компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша экологиясы ең нашар шаһарлар Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан. Тізім басында Вьетнам астанасы Ханой тұр. Ауа сапасы белгіленген нормадан 11 есе асып кеткен. Экологтар: «Ауаның ластануына алдымен автокөліктерден, жылу орталықтары мен кәсіпорындардан тарайтын зиянды қалдықтар себеп», – дейді. Тран Куй Тинь, Ханой қаласының тұрғыны: — Кей күндері тыныс алу мүмкін емес. Қала қара түтіннің астында қалып отыр. Мына ауданда адам саны аз, жасыл желек көп болғанына қарамастан жағдай осындай. Қатты қиналамыз. Жалпы ауасы ең лас 5 елдің қатарына бүгінде Бангладеш, Чад, Кувейт, Үндістан пен Пәкістан кіреді. Улы түтіннің кесірі тұрғындарға ғана емес, экономикаға да тиіп жатыр. 2019 жылы Үндістан ауаның ластануынан шамамен 37 миллиард доллар шығынға ұшыраған. Пенджаб, Харьяна мен Дели секілді штаттарда 3,5 миллионнан аса шағын және орта кәсіпорындардың жұмысы тұралап қалды.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.