Рамазан 2025: Аллергиясы бар адамдарға ораза ұстамауға бола ма?
Аллергиясы бар адамдар қалай ауыз бекіткені жөн?
Қандай жағдайда ораза бұзылады?
«Бұл жолдар арқылы ішке жеткен нәрселер оразаны бұзады», — деп жазылған мәліметте.
Нені ескеру керек?
Шариғат және пәтуа бөлімі аллергиясы бар адамдар мына нәрселерді ескергені жөн екенін айтты:
- Ораза ұстайтын уақыттан бұрын алдын ала оразаға дайындалып, емделіп, аллергияны Рамазан айында болдырмау жолдарын қарастырғаны абзал. Аллерголог мамандар кісі аллергиядан толық жазылып кете алмаса да, ем алу арқылы кей түрлерін уақытша тоқтатуға болатынын айтады.
- Рамазан айы келгенде аллергиясына байланысты ораза ұстауда қиындық туса, аузын ашпай, ораза бұзылмайтын тәсілдермен емделіп көргені абзал. Аллергиясына алатын емдерін барынша ауыз бекіткенге дейінгі және ауыз ашқаннан кейінгі уақытқа қалдыру. Мүмкін болмаған жағдайда дәрілер тамаққа кетіп қалмайтын жолдарын қарастыру. Егер укол сынды екпелермен емделер болса, адамға күш-қуат, нәр бермейтініне дәрігерлердің нұсқауымен көз жеткізу.
- Оразаны бұзбайтын емдік амал табылмаған жағдайда аллергиясы күшеймейтін уақытта қазасын өтеу ниетімен ораза ұстамауына болады. Жазылғаннан кейін қазасын өтейді.
«Аллергияның оразаға тән тұстарының бірі — тыныс алу жолдары бітелгенде мұрын мен тамақ арқылы демікпесіне тамызғы немесе спрей шашу арқылы емделу. Ханафи фиқһында: «Тамызылған дәрі ішке кетпей, мұрында тұрақтап қалатын болса, оразаны бұзбайды» [1] делінген. Сондықтан барынша сақтық танытып, өте аз мөлшерде тамызған жөн. Байқаусызда тамаққа кетіп қалса, Рамазаннан кейін бір күн қазасын өтейді», — деп жазылған мәліметте.
ҚМДБ мәліметінше, тамаққа не мұрынға тамызғы кетіп қалу қаупі болғандықтан, иіскейтін, мұрын мен тамаққа спрей сынды шашатын түрін аздап қолдануға болады.
Ораза — 2025 қашан басталады?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе биыл Рамазан айы басталатын күнді бекітті.
Ортақ пәтуаға сәйкес қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады.
Рамазан 2025: Қадір түні қашан?
ҚМДБ мәліметінше, 27 наурызға қараған түн — қасиетті Қадір түні. 30 наурыз — Ораза айт мерекесі.
Пітір садақа мөлшері қанша?
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілген.