Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласына 58 млрд. теңге инвестиция тартылады деп жоспарлануда
Жамбыл облысында су үнемдеу технологиялары енгізілген алқапты 64,5 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда
Жамбыл облысында өткен жылы 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді.
Биыл ауыл шаруашылығы саласына 39 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның 22,7 млрд. теңгесі субсидияға, қалған 16 млрд. теңгесі СҚО тәжірибесі мен «Ауыл аманаты» бағдарламасын несиелендіруге жұмсалады.
Ағымдағы жылы 551,6 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі (2024 ж. — 488,5 млрд. теңге). Сондай-ақ салаға 58 млрд. теңге инвестиция тартылады (2024 ж. -17,5 млрд. теңге) деп күтілуде.
2024 жылы облыстағы жалпы мал саны 3,6 млн. басты құрады: оның ішінде мүйізді ірі қара саны – 429,4 мың, қой саны – 3 млн., жылқы саны – 173,9 мың, құс саны – 1,9 млн.
Жыл ішінде 226,2 мың тонна сүт, 129,9 мың тонна ет, 123,5 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Биыл мал шаруашылығында 226,5 млрд. теңгенің өнімін шығару жоспарлануда. Төрт-түлік санын 4,3 млн. басқа дейін ұлғайту, сүт өндірісін 229 мың тоннаға, ет өндірісін 135 мың тоннаға жеткізу міндеті тұр. Сонымен бірге жұмыртқа көлемін 125 млн. данаға дейін жеткізу үшін жұмыс жүргізіледі.
Өткен жылы 626,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылды. 3,7 млн. тоннаның өнім жиналып, бұл соңғы 5 жылдағы рекордтық өнімділікті көрсетті. Атап айтқанда, 586,4 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 36,2 мың тонна майлы дақылдар, 172 мың тонна картоп, 1 195,4 мың тонна көкөніс, 156,6 мың тонна бақша дақылдары, 84,8 мың тонна дәндік жүгері алынды. 647 мың тонна қант қызылшасы жиналды.
15,4 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізіліп, облыс аумағындағы жалпы көрсеткіш 55,4 мың гектарға жеткізілді.
Биыл өсімдік шаруашылығында 325,1 млрд. теңгенің өнімін өндіру жоспарланған. Облыс аумағында егістік көлемін 33,6 мың гектарға арттырып, 660,3 мың гектарға дейін жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бұдан бөлек, су үнемдеу технологиялары енгізілген алқапты 55,4 мың гектардан 64,5 мың гектарға ұлғайту, 83,1 мың гектар алқапқа минералды тыңайтқыш енгізу, 401 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, 6,5 пайызға жаңарту көзделуде.
«Ауыл аманаты» бағдарламасының кәсіпкерлік бағыты бойынша 5 млрд. теңгеге 598 жобаны несиелендіру жоспарлануда. Аталған жобаның шеңберінде азаматтарға 4 мың бас қой, 150 бас ірі қара тауарлық несие ретінде берілмек.