Украина АҚШ-пен келіссөздің соңғы кезеңіне келді
Украина мен АҚШ пайдалы қазбаларды өндіру туралы келісім бойынша келіссөздердің соңғы кезеңінде тұр. Бұл туралы Украина вице-премьері Ольга Стефанишина мәлімдеді.
Вице-премьердің айтуынша, украиналық және америкалық тараптар келіссөздің соңғы сатысына өткен, келісімнің барлық негізгі тұстары келісілген.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Украинаға көрсеткен көмегінің өтеуі ретінде украиналық ресурстарды пайдалануға шақырған еді. Алайда Украина президенті Владимир Зеленский бұл келісімге қол қоюдан бас тартты.