Құқықтық семинар-кеңес өткізілді

0 3
Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, қолданыстағы заң талаптарын сақтау мақсатында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, мемлекеттік қызмет салаларындағы заңнама және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының талаптарын сақтау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі өкілі Елдос Бекпатшаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Ерзат Жақыпов, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Жанбатис Ибраев өз салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қолда бар заңдарды толық қолданып, қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты жоюда еңбек етіп, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Кеңес соңында спикерлер басқарма қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.