«Жәнібек көп пайда әкелмейді»: Танымал сарапшы Әлімханұлының ызасына тиді

0 11

Жәнібек Әлімханұлының Карлос Адаместі сынаған жазбасы талқыға түсті.

АҚШ-тың танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Жәнібек Әлімханұлының жазбасына пікір білдірді.

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі Х парақшасында WBC белбеуінің иегері Карлос Адаместі жекпе-жектен қашып жүр деп айыптаған болатын. Жәнібек өз жазбасында Адаместің онымен кездесуге қорқатынын, себебі оны спаррингте жеңіп кеткенін айтқан.

Дэн Рафаэль бұл пікірге назар аударып, Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің АҚШ-та емес, өз елінде өтетініне тоқталды. Оның ойынша, Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум қазақстандық чемпионын қаржылық тұрғыдан тиімді емес деп есептеп, оны елінде жұдырықтасуға мәжбүрлеген.

«Өзінің промоутері оны туған жеріне басқа біреудің есебінен жіберетініне қуанышты, өйткені ол АҚШ-та рейтинг жинай алмайды немесе билет сата алмайды», – деп жазды Рафаэль «Қазақ стилінің» жазбасына жауап ретінде.

Бұл пікірге Жәнібек: «Сен кімсің өзі?» – деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 5 сәуірде Астанада өтеді, оның қарсыласы француз Анауэль Нгамиссенгуэ болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.