Автобустан ұйықтайтын вагонға айналған қоғамдық көлік айып тұрағына қойылды

0 17
Жолаушылар тасымалына арналған автобус заңсыз түрде ұйықтайтын вагонға айналған. Полицейлер жолаушылар орындықтарының орнына жатын орындар орнатылған автобусты тоқтатты. Оқиға 19 ақпанда кешкі сағат 19:00 шамасында Астана-Петропавл тасжолының 232-шақырымында тіркелген.

Тексеріс барысында Van Hool автобусында алты шетелдік болғаны анықталды.

«Стандартты орындықтар алынып, оның орнына жатын орындар жасақталған. Алайда жүргізушіде мұндай өзгерістерді енгізуге қажет рұқсат құжаттары болмаған. Жүргізушінің айтуынша, ол автобустың иесі емес, тек Петропавл-Шымкент бағыты бойынша рейсті орындаған. Оған көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, автобус мамандандырылған айып тұрағына қойылды», — деп жазылған хабарламада.

Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.