«Kitap Time» оқырман клубы ашылды
Биыл облыс әкімі Ербол Қарашөкевтің бастамасымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» акциясы болып жариялануына орай, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы рухани құндылықтар тамырын жас жеткіншек санасына жеткізу мақсатымен «Kitap Time» оқырман клубын ашты. Клуб мүшелерінің қатарына өлкеміздің әдебиет және мәдениет майталмандары, қоғам белсенділері, қаламгерлер, сонымен қатар жастар қосылды.
«Kitap Time» оқырман клубының ашылу салтанаты жанды музейден және көлеңкелі көріністен басталды. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері көркем шығармалардағы кейіпкерлерді сомдады. Шарада Қазақстан журналистер одағының мүшелері, қоғам белсенділері өз шығармаларынан үзінді эллегия оқып, арнауларын көрермен назарына ұсынды. Шара барысында олблыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған «Қазақ жазуының тарихы» атты көрме ұйымдастырылды.