АҚШ-та жұмыртқа алтынмен тең
АҚШ-та 10 жұмыртқа 7 долларға қымбаттады. Бұл біздің ақшаға шаққанда 3 жарым мың теңге. Шаруалар: «10 жұмыртқаның бағасы тіпті долларға жетуі мүмкін», — дейді. Былтыр наурызда құс тұмауы алғаш рет Техас штатында анықталып, тез арада басқа аймақтарға таралған болатын. Сәуірден бері бұл аурудан 1 адам қайтыс болып, 70-і індет жұқтырды. Кейін елде 159 миллион тауық, күркетауық пен басқа құстар жойылды. Дуэйн Джонс, шаруа: -Қазір жұмыртқа алтынмен тең. Тым азайып кеткендіктен, бағасы аспандап тұр. Әділетті болсын деп 1 адамға әрі кеткенде 20 жұмыртқа сататын болдым. Өйткені алыпсатарлар бәрін алып, тым қымбатқа сата ма деп қауіптенемін. Бізді Telegram-да оқыңыз!