Қазнетте шенеуніктерден құралған отбасыға қатысты дау шықты

0 494

Алматы облысында аудан әкімі орынбасарының отбасына қатысты шу шықты. Оған шенеуніктің мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін отбасы мүшелері себеп болған. Жағдайға қатысты Ақсу аудандық әкімдігі пікір білдірді.

Қазақстандықтар желіде Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Амандос Сабырбаевтың шенеуніктерден құралған отбасын талқылап жатыр. Оның әйелі Сәуле Сабырбаева да аудандық әкімдікте қызмет істейді. Ол кәсіпкерлік бөлімін басқарады. Ал олардың ұлы Санжар Сабырбаев Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады. Әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат желі қолданушылардың таңданысын тудырған. Олар мұның еліміздің заңнамасына қайшы екенін айтады. Сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес туыстар бір-біріне тікелей бағынышты лауазымдарды атқара алмайтындығы атап өтілген.

kaz.nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.