БЕЛЕСКЕ ТОЛЫ-БЕС ЖЫЛ

0 21

Облыстық “Руханият және тарихтану орталығына” Халық жазушысы, қазақ баспасөзінің сайып қыраны Шерхан Мұртазаның есімі берілгеніне биыл 5 жыл толды.

Айтулы күнге орай бүгін Шераға орталығында “Белеске толы-бес жыл” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

“Мекемеге қазақ баспасөзінің баһадүрі Шерағаның есімі берілгеніне алдымыздағы 20 ақпан күні 5 жыл толады. Саналы кісіге рухани орталық үшін 5 жыл аз мерзім емес. Әрине, біз бұл орталыққа жаңадан келгендіктен, өткен уақыттағы орталықтың атқарған рухани дүниелеріне нақты пікір білдіре алмаймыз. Десекте облыс руханияты үшін аз жұмыс атқармағанын сеніммен айта аламыз. Иә, алда бізде облыс мәдениеті мен әдебиетіне, тарихына, салт-дәстүріне қатысты біраз жобалар мен жоспарлар баршылық. Оны уақыты келгенде іспен дәлелдеп жатармыз, әзірше осы орталықтың өркендеуіне, дамуына сүбелі үлес қосқан бұрынғы басшылары мен қызметкерлерге сөз кезегін ұсынбақпын”,-деді орталықтың директоры Жасұлан Әбдіхалық.

Кездесуде сөз алған Шераға орталығының бұрынғы директоры Сауран Калиев мекеменің 5 жылда атқарған жұмыстары мен жемісті жетістіктеріне тоқталып, ескі әріптестеріне сәттілік тіледі.

Белгілі айтыскер ақын, Жамбыл атындағы айтыс ақындары мен жыршы-термеші орталығының қызметкері Ербол Камбатыров та өзіні Шераға орталығында қызмет істегенін және көптеген дүниелерді осы мекемеден үйренгенін мақтанышпен айтып, бұрынғы әріптестеріне ізгі тілегін білдірді.

Еске сала кетейік, «Руханият және тарихтану» орталығы 2019 жылдың қараша айында ашылғанымен Шерағаның есімі 2020 жылдың ақпан айының жиырмасыншы жұлдызында берілген.

Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ

Шераға атындағы руханият орталығының “Шерхантану” бөлім меңгерушісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.