Сарысудағы іссапардың кезекті кездесуі ақсақалдар кеңесінде өтті

0 21

Онда ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Аппазов қабылдап, өз сөзінде орталықтың жүзеге асырып жатқан жұмыстарынан біршама хабардар екенін  айтты.

Алқалы жиында, той мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жоспарларды ақсақалдар құптап, өз пікірлерін білдірді. Тойға да тәртіп керектігін, оны ел болып қалыптастырудың маңызын ескертті. Бұл сөзді ақсақалдар кеңесінің мүшесі Диханбай Ақділда да қоштады. Тіпті, тойда расында адам санын шектеу де қажет шығар деген ойын білдірді. Өйткені той, алдымен, отбасылық қуаныш, онда ағайынның ауызбіршілігі мақсат етіліп, ортақ қуаныш елдіктің көрінісі болғаны абзал деді. Қазіргі нарық заманында ағайынның орны төр емес төменге түсіп, төрге ортадан қосылған сыйластары шығып жатқанын, ол алауыздықтың бастауы екенін де айтты.

Одан кейінгі негізгі ізденістің тағы бірі ел аузындағы аңыз әңгімелер бағыты болды. Бұл ретте Назым Қожамарова сексенге келген Егізбек ақсақалмен жолығып, Майкөт ақын мұраларымен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.