«Дәстүр және өнер » бөлімі қызметкерлерінің кезекті сапары Сарысу ауданында жалғасты

0 29

Бөлім меңгерушісі Назым Қожамарова іссапар барысында аудандық аналар алқасының , ақсақалдар кеңесінің жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар Светлана Қожаназарова бастаған бір топ аналармен Жаңатас қалалық “Айгөлек” балабақшасында болып, облыс көлемінде екі жылдан бері сәтті жүзеге асып жатқан “Әжемнің ертегілері” жобасының бір көрінісіне куә болды.

Мұнда Шакизат Сапарова апамен танысып, оның тағылымы мол әңгімелерінен сусындады.  Оның айтуынша Ұлт руханиятының өзегі дәстүр мен салт екенін ескерте келе, оны әр баланың бойына қоғам болып сіңіруде аналардың рөлі маңызды екенін де айтты.

Сондай-ақ, Назым Қожамарова балаларға ертегі айтудың, онымен қатар дәстүр негіздерін балалар бойына сіңіріп жатқан әжелерге алғыс айта отырып, орталық атынан аналар алқасының мүшесі Жұпаркүл Мелдебекова апаға ертегі кітаптарын сыйға берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.