Дулати университетінде «Ақпарат күні» өтті
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығында «Ақпарат күні» өтті. Шараны кітапханашы Гүлжан Ноғайбаева және куратор А.Иматаева ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты – студенттер мен оқытушыларды кітапхананың жаңа ресурстары мен қызметтері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті дереккөздермен таныстыру.
«Ақпарат күні» барысында студенттерге электрондық кітапхана мүмкіндіктері, жаңа оқу құралдары және дерекқорларға қолжетімділік туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, кітапханадағы цифрлық технологияларды пайдалану және ғылыми әдебиеттермен тиімді жұмыс істеу тәсілдері көрсетілді.
Шараға Қазақ филологиясы, Конвергентті журналистика және Веб-журналистика білім беру бағдарламаларының студенттері қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.