АҚШ соты Масктың мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан шығаруына қарсы болмайды

0 43

Федералдық судья Мемлекеттік басқару тиімділігі департаментінің (DOGE) әрекетін «мазасыздық тудыратын» және «алаңдататын» деп санайды, бірақ нақтырақ деректер қажет екенін мәлімдеді.

АҚШ-тың Колумбия округтік сотының федералдық судьясы Таня Чуткан дүйсенбіде өткен сот отырысында DOGE-ге федералды қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы кадрлық шешім қабылдауға тыйым салу туралы бұйрық шығарар алдында қандай зиян тигізгенін дәлелдер арқылы көру керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды NBC News.

Бейсенбіде 14 штаттың (Нью-Мексико, Аризона, Мичиган, Калифорния, Коннектикут, Гавай, Мэриленд, Массачусетс, Миннесота, Невада, Орегон, Род-Айленд, Вермонт және Вашингтон) бас прокурорлары DOGE-ның үкіметтің құпия деректеріне қол жеткізуіне қарсы сотқа шағым түсірді, деп мәлім етті CBS News.

Федералды шығындарды қысқартуға күш салған Маск АҚШ қысқартусыз «банкротқа ұшырайтынын» ескертті. Ол «сайланбаған» бюрократия деп аталатын билікке қарсы күресетінін алға тартты.

Еңбек статистикасы бюросының (BLS) мәліметінше, федералды үкімет 2024 жылдың қарашасында 3 млн-нан астам адамды жұмысқа алды, олардың ішінде 600 мыңы — АҚШ пошта қызметінің жұмыскерлері, деп хабарлайды Pew Research Center.

Мемлекеттік қызметкерлердің саны ондаған жыл бойы тұрақты түрде өсті. 2000 жылдың қарашасында федералды жұмыспен қамту (пошта қызметін қоспағанда) BLS мәліметінше 1 855 900 адамды құрады. Содан бері бұл сан жыл сайын 1%-дан сәл ғана артып, 2024 жылдың наурызында 2 405 100 адамға жетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маск барлық жерде режимді өзгертуге ұмтылмай, АҚШ-тағы «агенттіктерді жоюға» шақырды.

https://kaz.inform.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.